16 қыркүйек 2024 | 16:38

Судың “көлеңкелі“ нарығымен күрес: “Қазсушар“ филиалының басшысы қызметінен босатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Судың "көлеңкелі" нарығымен күрес: министрлік жүргізген аудит қорытындысы бойынша Жамбыл облыстық "Қазсушар" филиалының басшысы қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Судың "көлеңкелі" нарығымен күрес: министрлік жүргізген аудит қорытындысы бойынша Жамбыл облыстық "Қазсушар" филиалының басшысы қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ішкі аудит қорытындысына сай, Жамбыл облысы бойынша "Қазсушар" филиалының директоры мен Аса өндірістік аймағының басшысы қызметінен босатылған. Бұдан бөлек, филиал директорының орынбасары мен Қордай, Байзақ, Меркі өндірістік аймақтарының басшылары қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

"Осыған дейін Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің тапсырмасы бойынша министрліктің Ішкі аудит департаменті Жамбыл облысы бойынша "Қазсушар" филиалына тексеріс жүргізген болатын. Анықталған құқық бұзушылықтарды одан әрі қарау үшін аудит материалдары ҚР Бас прокуратурасына жіберілді.

Бұл жұмыстар судың "көлеңкелі" нарығымен, су саласындағы заңсыз әрекеттермен күресу және тәртіп пен ашықтықты қамтамасыз ету үшін жүзеге асырылуда. Айта кету керек, мекеменің өзге аймақтардағы филиалдарында да тексеріс жүргізіледі", - делінген хабарламада.

Министрлік мамандары Жамбыл облысында жүргізген аудит барысында су ресурстарын заңсыз пайдаланудың 10-ға жуық фактісін, сондай-ақ шаруалармен суармалы су беру келісімшарттарын жасау барысында заңбұзушылықтарға жол бергенін анықтаған болатын.

"Су ресурстарын заңсыз пайдалану фактілерімен күрес жалғасады. Ол үшін менің тапсырмам бойынша министрлік жанынан арнайы комиссия құрылып, "Қазсушар" филиалдары мен бассейндік инспекцияларға тексеріс жүргізеді. Заңсыз әрекеттерге міндетті түрде тосқауыл қойылып, құқық бұзушылар мен лауазымды қызметкерлер жауапкершілікке тартылады. Біз су ресурстарын пайдалануды бақылауды күшейтеміз",
- деді Су ресурстары және ирригация министрлігінің аппарат кеңесінде ведомство басшысы Нұржан Нұржігітов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети