19 қыркүйек 2024 | 15:50

“Рэкетир“ фильмінің жұлдызы Мұрат Бисембин қатерлі ісікке шалдыққан

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: instagram.com/murat_bissenbin Фото: instagram.com/murat_bissenbin

"Рэкетир" фильмінің жұлдызы Мұрат Бисембин қатерлі ісікке шалдыққан. Бұл туралы ол Tengrinews.kz тілшісіне айтты.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

"Рэкетир" фильмінің жұлдызы Мұрат Бисембин қатерлі ісікке шалдыққан. Бұл туралы ол Tengrinews.kz тілшісіне айтты.

Актердің сырқатына байланысты хабарламаны оның досы, актер Саят Исембаев әлеуметтік желіде жариялады. Оның айтуынша, Мұрат Бисембиннің емделуіне қаржылай көмек қажет.

Мұрат Бисембиннің өзі Tengrinews.kz тілшісіне диагнозы туралы ақпаратты растады - дәрігерлер оның ұйқы безі қатерлі ісігіне шалдыққанын анықтаған.

"Маған ота жасауға келмейтінін айтты. Диагноз 3,5 ай бұрын қойылды. Алғашында ауруханада жаттым, қандай да бір инфекция деп ойладым, себебі құса бердім. Содан кейін, бірдеңе дұрыс емес екенін түсіндім. Мен толық сарғайып кеттім. Содан кейін мені Сызғанов атындағы хирургия орталығына ауыстырды, себебі биопсия қатерлі диагнозды растады", - деді Мұрат Бисембин Tengrinews.kz-ке.

Бисембин жергілікті онкологиялық орталықта химиотерапияның бірнеше курсын өткен. Енді достары емделуді шетелде жалғастыруға кеңес берген.

"Біз қазір емхана мен ел іздеп жатырмыз. Мен химиотерапияның 4 курсынан өттім, мұнда бізде онкологиялық орталықта. Бірақ кез келген жағдайда, оңалту өз есебімізден - ​​мен гептрал және басқа да дәрі-дәрмектерді сатып аламын. Әзірге нақты соманы айта алмаймын. Түркияда емделу курсы шамамен 20 мың доллар тұратынын білдік, оған тұру, ұшуып бару және қолдау кірмейді", - дейді актер.

Денсаулығына байланысты актерге кейбір жобалардан бас тартып, басқаларында түсірілімді тоқтатуға тура келген. Оның айтуынша, қазір оны отбасы, достары және "Рэкетир" фильміндегі әріптестері қолдап отыр.

Актер үйленген, үш баласы бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 528.71  course up  540.46  course up  5.18  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer