29 маусым 2017 18:34

Конор МакГрегор Хабиб Нурмагомедовпен жекпе-жек өткізгісі келеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS/USA Today Sports © REUTERS/USA Today Sports

UFC чемпионы ирландиялық Конор МакГрегор ресейлік Хабиб Нурмагомедовпен жекпе-жек өткізгісі келеді. Бұл туралы UFC басшысы Дана Уайт MMAjunkie басылымына берген сұхбатында мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Конордың маған не дегенін білесіздер ме? Ол былай деді: "Мен Хабиппен Ресейде жекпе-жек өткізгім келеді". Ол Флойд Мейвезермен жұдырықтасуға дайындалып жатыр, содан кейін ол Ресейде Хабибпен жекпе-жек өткізгісі келеді", - деді Уайт. 

МакГрегор - Мейвезер жекпе-жегі 26 тамызда Лас-Вегаста өтеді. Ирландиялық спортшы 75 миллион доллар алады, ал америкалық - 100 миллион доллар. 

Нурмагомедов америкалық Тони Фергюсонмен 5 наурызда жекпе-жекке шығуы тиіс болатын, алайда ресейлік спортшы ауруханаға түсіп, кездесу ұйымдастырылмады. Ол салмақ тастау әрекетінен қатты зардап шеккен. Нурмагомедов күзде қайта октаганға шығады деген болжам бар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети