13 мамыр 2018 00:06

Қуат "Найман" Әблязовқа үндеу жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram/kuat__khamitov © instagram/kuat__khamitov

Аралас жекпе-жектен қазақстандық танымал спортшы Қуат "Найман" Хамитов Instagram парақшасы арқылы "Қазақстанның демократиялық таңдауы" (ҚДТ) қоғамдық ұйымының басшысы, қашқын банкир Мұхтар Әблязовқа үндеу жариялады.


Аралас жекпе-жектен қазақстандық танымал спортшы Қуат "Найман" Хамитов Instagram парақшасы арқылы "Қазақстанның демократиялық таңдауы" (ҚДТ) қоғамдық ұйымының басшысы, қашқын банкир Мұхтар Әблязовқа үндеу жариялады.

"Мүмкін жетер енді, Еуропада отырып алып, халықты өшіктіргенің. Сен анда, ал халық мұнда. Шығып жатқандар да, ұсталып жатқандар да, отбасын асырау үшін жалақы алып отырған, сол - қарапайым халық. Егер сен сондай ақылды болсаң, тығылма...расымен қиналып жүргендердің жанында бол...", - деп жазды спортшы.

"Қарапайым, сенгіш халықты мал сияқты пайдаланудың қажеті жоқ!", - делінген спортшының үндеуінде.

© instagram/kuat__khamitov

Еске сала кетейік, наурыздың ортасында Бас прокуратура Мұхтар Әблязовтің "Қазақстанның демократиялық таңдауы" ұйымын экстремистік ұйым деп тану туралы мәлімдеме жасады. "Астананың Есіл аудандық сотының шешімімен бұл мәлімдеме толық көлемде қанағаттандырылды. Сот ҚДТ ұйымын экстремистік және ҚР аумағында тыйым салынған ұйым деп таныды. Сондай-ақ, ұйымның қызметі жайлы БАҚ өкілдеріне ақпараттық материалдар ретінде, телекоммуникация жүйелерінде, әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде және видеохостингтерде жариялауға тыйым салынады", - деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Оксана Лоскутова.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети