Мұхтар Әблязовтің ҚДТ ұйымы экстремистік деп танылды

13 Наурыз 2018, 11:45
0
Мұхтар Әблязовтің ҚДТ ұйымы экстремистік деп танылды - Мұхтар Әбләзов. © РИА Новости
Мұхтар Әбләзов. © РИА Новости

Бас прокуратура Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство өкілдері сотқа Мұхтар Әблязовтің "Қазақстанның демократиялық таңдауы" ұйымын экстремистік ұйым деп тану туралы мәлімдеме жасады.

"Бүгін Астананың Есіл аудандық сотының шешімімен бұл мәлімдеме толық көлемде қанағаттандырылды. Сот ҚДТ ұйымын экстремистік және ҚР аумағында тыйым салынған ұйым деп таныды. Сондай-ақ, ұйымның қызметі жайлы БАҚ өкілдеріне ақпараттық материалдар ретінде, телекоммуникация жүйелерінде, әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде және видеохостингтерде жариялауға тыйым салынады", - деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Оксана Лоскутова.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай