17 желтоқсан 2016 13:13

Қуат "Найман" Хамитов ресейлік қарсыласын жеңгеннен кейін октагонда ән шырқады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қуат "Найман" Хамитов. Сурет "ВКонтакте" желісінен Қуат "Найман" Хамитов. Сурет "ВКонтакте" желісінен

Қазақстандық спортшы Қуат "Найман" Хамитов ресейлік Fight Nights Global додасын жеңіспен аяқтады, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақстандық спортшы Қуат "Найман" Хамитов ресейлік Fight Nights Global додасын жеңіспен аяқтады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Мәскеуде өткен Fight Nights Global 57 турнирі барысында оның қарсыласы ресейлік Гаджи Рабаданов болды. Басылымның мәліметінше, бірінші раундта екі қарсылас бірін-бірі зерттеумен болды. Хамитов бір сәтте жақсы соққы жасады, алайда соңына дейін жеткізіп үлгермеді. Екінші раундта спортшылар жекпе-жекті мерзіміне дейін аяқтай алмады. Бірақ соңғы үшінші кезеңде Хамитов қарсыласына қылғындыру әдісін қолданып, кездесуді жеңіспен аяқтады. 

Хамитов тікелей эфирде октагон ішінде берген сұхбатында өзін қолдағандардың барлығына алғыс айтып, өз жеңісін Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнады. Ол өзінің осы жекпе-жегі 25-ші екенін де айта кетті. Осыдан кейін ол қазақ тілінде ән орындап, Қазақстанның мемлекеттік туын сүйді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети