09 желтоқсан 2016 15:36

Қырғыздан жеңілген америкалық спортшы ашудан ринг-герлді нокаутқа түсірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© eurosport.ru © eurosport.ru

Қырғыз спортшысынан жеңілген Эндрю Уитни (лақап аты - Жыртқыш) есімді америкалық спортшы рингтегі қызды нокаутқа түсірген, - деп жазады "Евроспорт". 32 жастағы америкалық қырғызстандық Фарид Шәріповпен Titan Fight Championship 42 турнирінің аясында жекпе-жек өткізіп, жеңіліске ұшыраған.

Төрешілер жекпе-жектің нәтижелерін жариялағанда (49-46, 48-47, 48-47 - Шәріповтің пайдасына) Эндрю Уитни рингтегі қызды ұрып жіберген. 

Titan FC вице-президенті Джефф Аронсонның айтуынша, қыз зардап шеккен жоқ, тек қатты қорқып қалған. "Біз Эндрю Уитнимен және оның менеджерлерімен сөйлестік. Мұндай жағдай қайталанбас үшін шаралар қолдандық", - деді Джефф Аронсон.

Әзірше америкалық спортшы даулы оқиғаға қатысты түсінік бермеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети