25 ақпан 2014 20:20

Қысқы Олимпиада жүлделерінің рекордтары

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет sochi2014.com сайтынан Сурет sochi2014.com сайтынан

ХХІІ қысқы Олимпиада ойындары аяқталып, алауы сөнгелі де бірер күн болды. Өз жерінде өткен дүбірлі доданың жалпы командалық есебінде Ресей спортшылары топ жарды. Қазақстан 2014 жылғы Сочи Олимпиадасында бір ғана қола жүлдемен 26-орынды қанағат тұтты. Ресей Олимпиаданың соңғы күндері алтынға да, жүлде атаулыға да «қырғидай» тиіп, жалпы командалық есепте бірінші орынға ие болды. Ресей спортшылары Сочиде 13 алтын, 11 күміс, 9 қола олжалады. Барлығы – 33 медаль. Естеріңізге сала кетейік, ХХІІ қысқы Олимпиадада 98 медаль жиынтығы сарапқа салынды. Жалпы, қысқы Олимпиада ойындарында алтын алу жағынан – әзірше Канада алда. «Үйеңкі жапырақтылар» елі 2010 жылы Ванкуверде 14 алтын еншілеген болатын. Әрі осыдан төрт жыл бұрынғы Ақ Олимпиадада 86 медаль жиынтығы сарапқа салынған-ды. 2002 жылы Солт-Лейк-Сити Олимпиадасында Норвегияда 13 алтынға қол жеткізіп, жалпы командалық есепте топ жарған. Дәл осы ХІХ қысқы Олимпиадада 78 жүлде жиынтығы сарапқа салынған еді. Ал 1976 жылы Инсбругте КСРО спортшыларының 37 медаль жиынтығынан 13 алтын жеңіп алғандары – адам қызығарлық ерен жетістік. Енді жалпы жүлделер санына келер болсақ, әзірше ең көп жүлде еншілегендер тізімі төмендегідей: 37 жүлде – АҚШ (86 медаль жиынтығынан): Ванкувер-2010 36 жүлде – Германия (78 медаль жиынтығынан): Солт-Лейк-Сити-2002 34 жүлде – АҚШ (78 медаль жиынтығынан): Солт-Лейк-Сити-2002 33 жүлде – Ресей (98 медаль жиынтығынан): Сочи-2014 Айтпақшы, осыдан бірер күн бұрын Ресей алтын медаль алудан өзінің бұрынғы жетістігі мен барлық медаль саны бойынша КСРО рекордын жаңартты деген ақпарат таратылды. Бірақ бұлай салыстыру қисынсыздау сияқты. Өйткені Ресей 1994 жылғы Лиллехаммер Олимпиадасында 61 медаль жиынтығынан 11 алтын олжалаған, ал Сочиде 98 медаль жиынтығынан 13 алтын еншілеп отыр. Сондай-ақ КСРО спортшылары 1988 жылғы Калгари Олимпиадасында 46 медаль жиынтығынан 29 жүлде иеленген. Ал Сочиде Ресей 98 медаль жиынтығынан 33 жүлде жеңіп алды. Десек те, Ресей спортшылары Сочиде өз жанкүйерлері мен халқын қуантып, жанкештілік танытты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети