08 ақпан 2022 11:15

Латвиялық мәнерлеп сырғанаушы Олимпиадада Абайдың әніне өнер көрсетті

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Латвиялық мәнерлеп сырғанаушы Денис Васильев 2022 жылғы Олимпиадада Абайдың "Айттым сәлем, Қаламқас" әніне өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.


Латвиялық мәнерлеп сырғанаушы Денис Васильев 2022 жылғы Олимпиадада Абайдың "Айттым сәлем, Қаламқас" әніне өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Васильев 85,30 ұпай жинап, жетінші орын иеленді. Қысқы ойындар аясында 10 ақпанда ерлер арасында еркін бағдарламадан жарыс өтеді.

Васильев қаңтардың аяғында өткен Еуропа чемпионатында қола медаль жеңіп алған. Бұл - оның карьерасындағы ең жоғары жетістігі және латвиялық мәнерлеп сырғанау тарихындағы ең үздік нәтиже.

Бейжің Олимпиадасы - Васильевтің карьерасындағы екінші Олимпиада. Ол Пхенчхан-2018-да 19-орынға ие болды. Оның жаттықтырушысы - қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің досы Стефан Ламбьель. Сондықтан Абай әні таңдалған болуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети