14 шілде 2017 13:47

МакГрегор Головкин-Альварес жекпе-жегінің жеңімпазымен жұдырықтасу туралы сұраққа жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© XSPORT.ua © XSPORT.ua

Жеңіл салмақта UFC чемпионы ирландиялық Конор МакГрегор қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы кездесу туралы және бұл жекпе-жектің жеңімпазымен жұдырықтасу туралы айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz cайтының қазақ бөлімі.

"Бұл керемет жекпе-жек болады. Ауыр соққылар болатын шығар. Жалпы ол кездесуді асыға күтіп жүрмін", - дейді файтер Behind The Gloves басылымына берген сұқбатында. 

Сұхбат кезінде МакГрегорге "Канело" мен GGG арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездескіңіз келмейді ме деген сұрақ қойылды.

"Кім біледі? Менің қазір UFC ұйымымен келісімшартым бар. Мейвезермен жекпе-жегімді өткізіп алайын. Қалғанын кейін көре жатармыз, - дейді МакГрегор Behind The Gloves басылымына берген сұқбатында", - деп жауап берді ол.

Еске салайық, Конор МакГрегор 26 тамыз күні Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде бокс ережесі бойынша  америкалық Флойд Мейвезермен жұдырықтасады. Ал Головкин мен "Канело" кездесуі осы спорт кешенінде 16 қыркүйекте болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети