26 наурыз 2020 09:32

Макгрегор коронавируспен күрес үшін миллион еуро береді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Конор Макгрегор. Фото: Reuters© Конор Макгрегор. Фото: Reuters©

Ирландиялық файтер Конор Макгрегор өз еліндегі ауруханаларға коронавируспен күрес үшін бір миллион еуро береді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Ирландиялық файтер Конор Макгрегор өз еліндегі ауруханаларға коронавируспен күрес үшін бір миллион еуро береді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Макгрегор Twitter желісіндегі парақшасында Ирландия қаржы министрі Паскал Донохьюмен сөйлескен суретін жариялады. Сонда ол Лейнстердегі (Ирландия шығысындағы провинция) ауруханаларға миллион еуро беретінін айтқан. 

Айта кетейік, бұған дейін "Барселона" футбол клубының шабуылшысы Лионель Месси мен англиялық "Манчестер Ситидің" бас бапкері Хосеп Гвардиола коронавирус эпидемиясына күреске Барселонаға бір милллион еуродан берген болатын. 

Криштиану Роналду мен оның агенті де коронавирусқа қарсы қайырымдылық жасады - олар Лиссабон мен Портудағы вирус жұқтырған науқастар терапиясының жаңа үш бөлімшесін қаржыландырды. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети