26 ақпан 2019 14:17

Макгрегор - Нурмагомедов жекпе-жегінен кейін төбелеске себеп болған спортшы жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© imgur.com © imgur.com

Невада штатының атлетикалық комиссиясы UFC чемпионы, ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен ирландиялық Конор Макгрегор жекпе-жегінен кейінгі төбелеске қатысқан Диллон Дэнистің ісі бойынша отырыс өткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Невада штатының атлетикалық комиссиясы UFC чемпионы, ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен ирландиялық Конор Макгрегор жекпе-жегінен кейінгі төбелеске қатысқан Диллон Дэнистің ісі бойынша отырыс өткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Естеріңізге салсақ, жеңіл салмақта UFC чемпионы Нурмагомедов ұйымның экс-чемпионы Макгрегормен жекпе-жектен кейін октагоннан секіріп өтіп, жаппай төбелес бастаған еді. Хабиб бірінші болып ирландиялықтың досы әрі спарринг-әріптесі Дэниске жұдырық ала жөнелді.

Кейін анықталғандай, Нурмагомедовтың төбелес шығаруына Дэнистің оған тіл тигізуі себеп болған. Дэнис жекпе-жек бойы ресейлікке балағат сөздер айтып, намысына тиген. Ал соңында Хабибтің дініне тіл тигізген. Алайда Дэнистің өзі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Нәтижесінде Диллон жеті айға шеттетілді. Сондай-ақ, Bellator-да өнер көрсететін спортшыға 7,5 мың доллар айыппұл салынды. Дэнистің жазасы турнир өткен күннен бастап саналады.

Бұған дейін кездесудің қатысушылары мен олардың командалары да жазаланған болатын. Хабиб тоғыз айға спорттан шеттетіліп, 500 мың доллар айыппұл арқалады. Ал Конор алты айға шеттетіліп, 50 мың доллар айыппұл алды.

UFC
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети