08 тамыз 2017 09:46

МакГрегормен жаттығатын файтер Қуат Хамитовты жекпе-жекке шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Fight Nights © Fight Nights

Аралас жекпе-жектен ирландиялық спортшы Питер Кунлли қазақстандық файтер Қуат "Найман" Хамитовты жекпе-жекке шақырды. Бұл туралы Fight Nights Global промоушенінің "ВКонтакте" желісіндегі парақшасында хабарланған.


Аралас жекпе-жектен ирландиялық спортшы Питер Кунлли қазақстандық файтер Қуат "Найман" Хамитовты жекпе-жекке шақырды. Бұл туралы Fight Nights Global промоушенінің "ВКонтакте" желісіндегі парақшасында хабарланған.

"Мен Хамитовпен жұдырықтасатыныма 100 пайыз сенімдімін. Бұл жекпе-жек менің Сочидегі жеңісімнен кейін болады... Келесі - Хамитов. Оған аман тұруы мен Мәскеуде жолығамыз деуден өзге ештеңе айта алмаймын", - дейді Кунлли.

Кунлли 10 жекпе-жек өткізіп, үшеуінде жеңілген. Биыл ол ресейлік Fight Nights промоушенімен келісімшартқа қол қойып, бұл ұйымның ұйымдастыруымен бір жекпе-жек өткізіп, жеңіске жеткен болатын. Келесі жекпе-жек 24 тамызда Сочиде Fight Nights Global 72 аясында өтеді.

Кунлли Дублиндегі Straight Blast Gym залында жаттығатынын айта кетейік. Бұл залда ол UFC чемпионы Конор МакГрегордың спарринг серіктесі ретінде бірге дайындалады. Сұхбаттарының бірінде ол осындай жаттығулары туралы айтқан:

"Мен күнделікті әлемдік деңгейдегі спортшылармен жаттығамын. Мәселен маған дайындалуға Конор МакГрегор көмектеседі. Ол - менің жақын досым. Ол - әлемдегі үздік файтер. Оның спарринг серіктесі болу мен үшін үлкен абырой. Көпшілік Конор танымастай өзгеріп кеткен деп ойлайды. Жоқ... Конор сол баяғы жігіт, бес жыл бұрын менің шортыларымды ұрлап жүрген қалпынан таймаған".

Хамитовтың өзі Кунллимен жекпе-жек туралы шілде айында Instagram желісіндегі парақшасында жазған. Жекпе-жек Fight Nights Global турнирі аясында Алматыда өтетіні хабарланған болатын. Алайда спортшы кейін бұл жазбасын өшіріп тастады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети