21 қыркүйек 2021 09:10

Мәнерлеп сырғанаудан тарихқа енген Элизабет Тұрсынбаева 21 жасында карьерасын аяқтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram/elizabetkz © instagram/elizabetkz

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, 2019 жылғы әлемнің вице-чемпионы Элизабет Тұрсынбаева спорттағы карьерасын аяқтағанын мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, 2019 жылғы әлемнің вице-чемпионы Элизабет Тұрсынбаева спорттағы карьерасын аяқтағанын мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы 21 жастағы спортшы Instagram-парақшасында жазды.  

"Құрметті жанкүйерлер, кәсіпқой спортшы ретінде карьерамды аяқтамақпын. Бұл жаңалықты бөлісу қиын болып отыр...

Көп адам арқам көптен бері мазалап жүргенін біледі. Амал не, мен бұл жарақатты соңына дейін жеңе алмадым, сондықтан толыққанды жаттығу мүмкін болмай қалды.

Мен үшін өмірімде бұл тараудың аяқталуы жаңасы басталғанын білдіреді. Мен қазір Қазақстандамын және жыл соңына дейін осында жұмыс істеймін, балаларға көмектесемін, шабыттандырамын және олармен өз тәжірибемді бөлісемін. Мен әрқашан өз елімде мәнерлеп сырғанауды дамытқым келген, ақыры осындай мүмкіндікке ие болдым", - деп жазды.

Сонымен қатар, спортшы ата-анасына, бапкерлеріне алғыс білдірді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Elizabet Tursynbaeva (@elizabetkz)

Элизабет Тұрсынбаева - 2019 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Оның жүлделері қатарында 2019 жылғы Төрт құрлық чемпионатының, 2019 жылғы Универсиаданың "күмісі", жасөспірімдер арасында 2016 жылғы Олимпиада ойындарының "қоласы" бар.

Қазақстан өкілі тарихта мәнерлеп сырғанаудан ересектер арасындағы ресми жарыстарда төрттік секіруді (сальхов) орындаған алғашқы спортшы саналады. Сондай-ақ, ол әйелдер арасныдағы әлем чемпионатында жеңіс тұғырына көтерілген алғашқы қазақстандық ретінде тарихта қалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети