26 қазан 2016 15:19

Мариан Дымальский: 2017 жылғы Универсиада тарихтағы ең үздігі болуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© almaty2017 © almaty2017

Алматыдағы Дүниежүзілік қысқы Универсиада - Ойындар тарихындағы ең үздігі болуы мүмкін. Бұл туралы FISU Халықаралық студенттер спорты федерациясының бақылау кеңесінің төрағасы Мариан Дымальский Универсиаданың ұйымдастыру комитетіне жіберген хатында мәлімдеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі almaty2017 сайтына сілтеме жасап.

Мұндай мәлімдемені Дымальский мырза жақында ғана Алматыда өткен делегация басшыларының жұмыс кездесуінен кейін жасап отыр.

"Делегация басшыларының кездесуіне 22 елдің қатысуы үлкен жетістік болып табылады. Ол жерде көтерілген мәселелер қысқы Универсиаданың сәтті өтуіне септігін тигізеді деп есептеймін. Делегаттардың соңғы кездесуінен кейін біз Ұйымдастыру комитетінің алдында тұрған барлық мәселені уақытысында шеше алатынына және де қысқы Универсиада тарихындағы ең үздік Ойындарды сәтті өткізе алатынына көз жеткіздік",- делінген FISU-дың жоғары лауазымды басшысының хатында.

Сондай-ақ Дымальский өз хатында, Делегация басшыларының жұмыс кездесуін, бақылау кеңесінің кездесулерін өткізген 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданы ұйымдастыру комитетіне алғыс білдірген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети