24 тамыз 2017 17:54

Мені үнемі бір бейшаралар жекпе-жекке шақырады екен - Хамитовтың боксшы Төлеуовке жауабы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Vesti.kz © Vesti.kz

Қазақстандық файтер Қуат "Найман" Хамитов Vesti.kz тілшісімен сұхбатында боксшы Әмірхан Төлеуовтың оны жекпе-жекке шақырғанына қатысты пікірін білдірді.


Қазақстандық файтер Қуат "Найман" Хамитов Vesti.kz тілшісімен сұхбатында боксшы Әмірхан Төлеуовтың оны жекпе-жекке шақырғанына қатысты пікірін білдірді.

Файтер неліктен мұндай ұсыныстарға назар аудармайтынын және Төлеуовтың өзінен жауап қайтара алмайтындар ғана сын айта алады деген айыбына жауап берді.

"Шынын айтсам, ондай шақырулар туралы естімеппін де. Егер БАҚ өкілдері сұрамаса, ол туралы естімей де кетеді екенмін. Ал мені жекпе-жекке шақырғандар жарыған спортшы болса екен. Мүмкін сонда назар салар ма едім. Ал былай олар "өліктер" ғой. Бүгін бар да, ертең жоқ. Неге менімен жұдырықтасқысы келтінін білмеймін. Бірақ адамдар сенің сөзіңе емес, жетістігіңе қарайтынын есте ұстау керек. Мықты спортшы шақырса жарайды. Бірақ бір нәрсені түсіне алмаймын. Мені үнемі бір бейшаралар жекпе-жекке шақырады. Неге? Олар менің бейшараларды ешқашан ұрмайтынымды біледі. Түсініңіздер мен мықты спортшыны сыйлаймын. Боксшы ма, палуан ба, бәрібір. Олар еліміздің даңқы үшін тер төгеді. Сондықтан олармен таласым жоқ. Рингке де шығайын деп жүргенім жоқ.

Ал былай Мохаммед Әлиден таяқ жесем, арманым болмас еді. Маған бір сабақ болар еді. Көп нәрсе үйренер едім.Боксшы ММА файтерімен жұдырықтасу сияқты тәжірибелерге көзқарасым оң. Бірақ қарсыластар деңгейлес боу керек. Мен жауап қайтара алмайтындарға ғана сын айта алады деген айыпқа қатысты... Мені жеңе алатын адам жоқ және маған бәрібір ол боксшы ма, басқа ма. Мені жекпе-жекке шақырмақ түгілі, түкірігіме тұрмайтындар бар", - дейді Хамитов.

Еске салайық, осының алдында Төлеуов аралас жекпе-жек файтері Хамтовты жұдырықтасуға шақырған. Бұл Хамитовтың қазақстандық футболшыларды сынауына қарсы жауап болатын. Хамитов Қазақстанда футболға тыйым салуды ұсынған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети