30 сәуір 2014 16:52

Моңғолияның атақты палуаны Алматыда сумоны дамытпақ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Асасёрю Акинори. ©Сommons.wikimedia.org Асасёрю Акинори. ©Сommons.wikimedia.org

Атақты сумо палуандарының бірі Асасёрю Акинори Алматыда шығыс жекпе-жегінің осы түрін дамытпақшы, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Атақты сумо палуандарының бірі Асасёрю Акинори Алматыда шығыс жекпе-жегінің осы түрін дамытпақшы, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Акинори Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовпен кездесуінде айтты. Моңғолиялық палуанның айтуынша, Қазақстанда талантты жастар көп, ал Алматы қаласы спорттың әлемдік астаналарының біріне айналып келеді.

"Кезінде менің өнерімнің арқасында бүкіл әлем Моңғолияны тани бастады. Енді мен бұл спорт түрі бойынша қазақстандық спортшылардың өз елін әлемге танытуы үшін бар білімім мен тәжірибемді жұмсайтын боламын", - деді Акинори. 

Өз кезегінде Ахметжан Есімов Алматыда спорттың көптеген түрі, соның ішінде, күрестің жақсы дамып келе жатқанын айтты. "Спортты қолдау - біздің басым бағыттарымыздың бірі. Сондықтан біз қаламызда секциялардың, оның ішінде, сумо бойынша үйірмелердің көп ашылуына мүдделіміз", - деді қала әкімі.

Асасёрю Акинори (шын есімі - Долгорсурэнгийн Дагвадорж) Ұлан-Баторда дүниеге келген, ол сумо палуанының ең жоғарғы дәрежесі - ёкодзунаның иегері. Ол сумо тарихында бұл атақты иеленген алғашқы моңғолиялық және үшінші шетелдік. Акинори сумоның басты жүлдесі - Императорлық кубокты 25 рет жеңіп алған. Моңғолиялық палуанды көпшілік "Көк Айдаһар" деп те атайды.

 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети