12 наурыз 2019 13:53

Мұхамедиұлы Полторанин жайлы: Жазаны жеңілдету үшін шара қолданып жатырмыз

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алексей Полторанин. © olympic.kz Алексей Полторанин. © olympic.kz

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы шаңғышы Алексей Полторанинге қатысты допинг-тексеріске пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы шаңғышы Алексей Полторанинге қатысты допинг-тексеріске пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство басшысы бұған дейін БАҚ алдында шаңғы жарысынан Ұлттық федерацияның бас бапкері, спортшының жеке бапкері Алексей Наконечный мен Алексей Полтораниннің өзі мәлімдеме жасағанын еске салды.

"Бақытымызға орай, Полторанин қан допингін қолданған жоқ, бірақ ол Германияда дәрігерге барып, қан тапсырған. Бұл дәлелденген нәрсе. Қазір адвокаттармен және заңгерлермен байланыстамыз. Спортшының кінәсі допинг қолданғанында емес, оның ынтасында. Осы бап бойынша айыпталып жатыр. Бас бапкер де қанның қайта құйылмағанын растады. Оны жалғыз қалдырмас үшін, жазасын жеңілдету үшін барлық шараны қолданып жатырмыз. Біздің оны қорғауымыз керек", - деді Мұхамедиұлы үкіметтегі баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, осы аптада Мәжілісте "Дене шынықтыру және спорт мәселесі бойынша кей заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңда допинг-бақылау бойынша түзетулер болады.

"Әрине, біз допингке қарсымыз. Ол ешқашан жақсылыққа әкелмейді. Сәт сайын медаль соңынан жүгіру, кейін ол бәрібір анықталады. Бізге оның не керегі бар? Лондон Олимпиадасы болғанда, жеті медальді қалай мадақтадық! Төрт медальді қайтарып алды. Мұндай деректердің не қажеті бар? Заңнамамызға қатаң тәртіптер енгіземіз", - деді Мұхамедиұлы.

Еске салайық, 27 ақпанда Австриядағы әлем чемпионатында полиция бес шаңғышыны тұтқындаған - Полтораниннен бөлек австриялық Макс Хауке мен Доминик Бальдауф, эстониялық Андреас Веерпалу мен Карел Таммъяр абақтыға қамалды. Кейін олар қан допингін қолданғанын мойындап, бостатандыққа шықты.

Артынша Полтораниннің алғашқы бапкері Алексей Наконечный шәкіртінің неге допинг қолданғысы келгенін түсіндіріп, қазақстандықтар алдында кешірім сұрады. Осы дауға іліккен шаңғышылар қазір спорттан уақытша шеттетілген болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети