01 қазан 2014 22:17

Нұрмахан Тынәлиев – Азия ойындарының екі дүркін чемпионы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрмахан Тынәлиев. Фотоны түсірген – Данияр Майлыбаев. Нұрмахан Тынәлиев. Фотоны түсірген – Данияр Майлыбаев.

Грек-рим күресінің шебері, қазақтың нар балуаны Нұрмахан Тынәлиев бүгін жазғы Азия ойындарының екі дүркін чемпионы атанды, - деп сүйінші сұрайды Оңтүстік Кореядан "Алаш айнасының"  арнаулы тілшісі.


Грек-рим күресінің шебері, қазақтың нар балуаны Нұрмахан Тынәлиев бүгін жазғы Азия ойындарының екі дүркін чемпионы атанды, - деп сүйінші сұрайды Оңтүстік Кореядан "Алаш айнасының"  арнаулы тілшісі.

Негізі, бүгін Нұрмаханның жеребесі жеңіл түскен жоқ. Алғашқы белдесуінде өзбек Аброрбек Мамасолиевті оңай ұтқанымен (11:2), одан соң Иран балуанымен күресті. Шектен тыс шиеленісті өткен белдесуде Нұрмахан парсы елінің Башир Бабажанзадех деген алыбын бір ұпай санымен ұтып, жартылай финалға шықты. 

Жартылай финалда Қырғызстан балуаны Мурат Рамоновты бұйым құрлы көрген жоқ (5:1). Ал финалда Оңтүстік Корея алыбы Ёнг Мин Кимнен басым түсті (5:0).

Сөйтіп осыдан төрт жыл бұрын Гуанчжоуда Азия ойындарының чемпионы атанған Нұрмахан сол жетістігін Инчхонда да қайталап, екінші рет алтын медаль жеңіп алды. Әлем чемпионатының үш дүркін қола жүлдегері, 2013 жылғы Азия чемпионы бүгін Азия ойындарының екі дүркін жеңімпазы атанып, қазақ күресінің тарихына есімін алтын әріптермен жазды.

Ең бастысы, "Инчхон боз кілемінен алтын медаль ала алмай кетер ме екенбіз" деп уайымдап жүргенімізде, Нұрмахан ең ауыр салмақта топ жарып, иісі қазақты қуанышқа бөледі. Әрі қыркүйектің басында Ташкентте өткен әлем чемпионатындағы сәтсіздігінің есесін қайтарды.

Жалпы, бүгін тағы үш балуанымыз белдескен болатын. Олардың біреуі, нақтырақ айтқанда, Досжан Қартықов (75 келі) қола жүлдеге қол жеткізді. Ол алғашқы белдесуінде Қытай балуанын оңай ұтқанымен, жартылай финалда осы салмақта чемпион атанып тынған Корея қыранына есе жіберіп алды. Ал қола жүлде үшін қырғыз балуанымен күресіп, одан басым түсті.

85 келіде бақ сынаған Нұрсұлтан Тұрсынов жүлдеге сынық сүйем жетпей, қола медаль үшін Қытай балуанымен күресіп, ұтылып қалды. Ал 66 келідегі Асхат Жаңбыров ширек финалдан аса алмады.

Сонымен күрестің үш түріндегі балуандарымыз ХVІІ жазғы Азия ойындарындағы өз белдесулерін аяқтады. Күрес түрлерінен бұйырғаны 10 медаль болды.

Грек-рим күресі – 4 медаль:

Нұрмахан Тынәлиев – алтын
Досжан Қартықов – қола
Алмат Кебісбаев – қола
Ерұлан Ысқақов – қола

Еркін күрес – 4 медаль:

Расул Қалиев – күміс
Есболат Нұржымбаев – күміс
Дәулет Шабанбай – күміс
Мамед Ибрагимов – қола

Әйелдер күресі – 2 медаль:

Гузель Манюрова – күміс
Татьяна Аманжол – қола

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети