"Ол топ-15 қатарына кіре ме?" Америкалық файтер Шавкат Рахмоновқа жауап берді

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ол топ-15 қатарына кіре ме?" Америкалық файтер Шавкат Рахмоновқа жауап берді

Жартылай орта салмақтағы UFC рейтингінің тоғызыншы нөмірі америкалық файтер Нил Мэгни қазақстандық Шавкат Рахмоновтың шақыруына қатысты пікірін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.


Жартылай орта салмақтағы UFC рейтингінің тоғызыншы нөмірі америкалық файтер Нил Мэгни қазақстандық Шавкат Рахмоновтың шақыруына қатысты пікірін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Еске салайық, осыған дейін Рахмонов оған әлеуметтік желі арқылы үн қатты.

"Ассалаумағалайкүм! Қазір бір-екі файтерге ұсынысым бар, біреуі әлден қашып отыр, ал екіншісі кез келгенмен жұдырықтасуға дайын екенін айтады. Ли Цзинлян бұтыңда бірдеңе бар болса, жекпе-жекке шық. Нил Мэгни кез келгенмен айқасуға дайын екеніңді айтқансың, бұл жекпе-жекті ұйымдастырайық, егер Лидің сол күйі ерлігі жетпесе", - деп жазыпты Рахмонов. 

"Мен оның топ-15-ке кіретінін де білмейді екенмін", - деді Мэгни MMA News-ке берген сұхбатында.

- Мен рейтингтік қарсыластарыммен жекпе-жек өткізгім келеді. Макс Гриффин сияқты қауіпті қарсыласпен жекпе-жекке келісіп, үлкен тәуекелге бел будым. Алдағы уақытта мен қабылдаған жекпе-жектер мені UFC чемпионы болу мақсатыма жақындататынына сенімді болуым керек. Әрине, мүмкіндігінше, жиі өнер көрсеткенді ұнатамын, бірақ мен келісетін жекпе-жектер менің басты мақсатыма сәйкес келуі керек", - деді Мэгни.

Айта кетейік, Мэгни төрешілердің бірауыздан шешімімен Гриффинді жеңіп, екі жеңістен тұратын серияға шықты. UFC-де топ-15-те тұрған Рахмонов промоушендегі үш жекпе-жекте жеңіске жетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 491.9  course up  582.69  course up  6.41  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети