07 қазан 2016 18:21

Ольга Рыпакова 2008 жылғы Олимпиаданың ресми түрде қола жүлдегері атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық жеңілатлет Ольга Рыпакова Бейжіңде 2008 жылы өткен Олимпиада ойындарының ресми түрде қола жүлдегері атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Үш қарғып секіруден өнер көрсететін қазақстандық допинг дауынан кейін медаль иегері атанып отыр. 


Қазақстандық жеңілатлет Ольга Рыпакова Бейжіңде 2008 жылы өткен Олимпиада ойындарының ресми түрде қола жүлдегері атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Үш қарғып секіруден өнер көрсететін қазақстандық допинг дауынан кейін медаль иегері атанып отыр. 

Мұндай шешімді Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы шығарып отыр. Ұйымның ресми сайтындағы Рыпакованың профайлында 2008 жылғы Ойындардың үшінші орын алғаны көрсетілген. Ал Халықаралық Олимпиада комитеті ресми сайтында мұндай өзгеріс енгізбеген.  

Грек жеңілатлеті Хрисопия Деветци үш аттап секіруден Бейжіңдегі 2008 жылғы Олимпиаданың қола медалін жеңіп алған болатын. Енді оның қанында тыйым салынған заттың болғаны анықталып отыр. Осылайша Олимпиаданың қола медалі осы турнирде төртінші орын алған қазақстандық Ольга Рыпаковаға берілді. Бұл оның Олимпиадалардағы үшінші медалі: 2012 жылы Рыпакова алтын медаль, ал 2016 жылғы Риода қола медаль жеңіп алған болатын. 

Алайда әзірше Ольга Рыпакованың 2008 жылы Бейжіңде өткен Олимпиада ойындары үшін сыйақы ала ма, жоқ па түсініксіз болып тұр. Телеарнаның мәліметінше, 2008 жылы өткен Олимпиада ойындарындағы хаттама жаңартылды. Ол ойындарда Рыпакова үш рет секіруден қола медальға ие болды. Рыпаковаға медальдің қашан берілетіні жайлы әзірше ресми ақпарат жоқ.

Еске салайық, 2016 жылы Риода өткен Олимпиада ойындарында Ольга Рыпакова қола медаль жеңіп, оған көлік пен 50 мың доллар берілген болатын. Облыс басшысы Даниал Ахметов жерлестерінің атынан спортшыларды құттықтап, сыйлықтарын табыс етті. Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ольга Рыпаковаға Toyota Land Cruiser Prado көлігі мен 50 мың доллар көлемінде сыйақы берілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети