23 тамыз 2015 07:51

Ольга Рыпакова әлем чемпионатының финалдық кезеңіне өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© m.khabar.kz © m.khabar.kz

22 маусымда Қытай елінің астанасы Бейжіңде жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты басталған болатын. Жарыс жолына бірінші болып шыққан отандасымыз Ольга Рыпакова үш қарғып секіруден финалдық кезеңге жолдама алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2012 жылғы Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова 14,33 метрге қарғып, "В" тобында үшінші нәтижемен шектелді. Үздік нәтижені Габриела Петрова (14,44 метр) көрсетсе, екінші болып финалға Катерина Иваргуен (14,42 метр) өтті. Ал "А" тобында украин Ольга Саладуха (14,34 метр) мен Израиль спортшысы Анна Князева-Миненко (14,27 метр) финалда бақ сынайды. Финалдық кезең 24 тамыз күні Астана уақытымен сағат 17:30-да басталады.

Үш қарғып секіруден Ольга Рыпаковмен қатар Ирина Эктова да жарыс жолына шыққан болатын. 13,61 метрге секірген отандасымыз финалдық кезеңге өте алмады.

Айта кетейік, Бейжіңдегі әлем чемпионаты 30 тамызға дейін жалғасады. 201 елден 2000-нан астам спортшы қатысып жатқан додада 47 медаль жиынтығы сарапқа салынға. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети