30 шілде 2021 16:58

Ольга Рыпакова алғаш рет Олимпиада жүлдесін ала алмады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: olympic.kz. Владислав Семенов© Фото: olympic.kz. Владислав Семенов©

Қазақстандық жеңілатлеттер Токио Олимпиадасында үш қарғып секіруден жарыс жолына шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық жеңілатлеттер Токио Олимпиадасында үш қарғып секіруден жарыс жолына шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін үш қарғып секіруден іріктеу кезеңі болды. Оған Лондон Олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпакова, сондай-ақ, Мария Овчинникова мен Ирина Эктова қатысты. 

Үш Олимпиададан жүлде алған 36 жастағы Рыпакова бұл жолы финалға шыға алмады. Ол 13,69 метрге секірді. 

Овчинникова 13.34 метрге секіріп, финалдан қағылды. Эктова болса, 12,90 метр көрсеткішімен өз тобында 14-орын алды. Финалға үздік 12 спортшы өтті. 

Еске салайық, қазір Қазақстан қоржынында үш медаль бар. Дзюдошы Елдос Сметов, ауыратлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло қола медаль иеленген болатын.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети