20 ақпан 2022 22:09

Олимпиада-2022: қазақстандық спортшылар қандай сыйақы алды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР ҰОК, Владислав Семенов ҚР ҰОК, Владислав Семенов

Қазақстандық спортшылардың 2022 жылғы Олимпиадада қанша табыс тапқаны есептелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.


Қазақстандық спортшылардың 2022 жылғы Олимпиадада қанша табыс тапқаны есептелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Отандастарымыздың арасында жүлдеге бір табан жақын болған, жарыстың ашылу салтанатында еліміздің көк туын ұстап шыққан шорт-трекші Абзал Әжіғалиев болды. Ол 500 метр қашықтықта мәре сызығын төртінші болып кесті.

Сонымен қатар, Қазақстан құрамасының сапында Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Ольга Тихонова және Яна Хандар командалық есепте бесінші орын иеленді.

Осылайша, Әжғалиев Бейжіңдегі нәтижесі үшін 40 000 АҚШ доллары (17,1 миллион теңге) көлемінде сыйақы алады. Ал қалған шорт-трекшілер 10 000 доллардан (4,1 миллион теңге) алады.

Қысқы Олимпиада қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар мен бапкерлерге 140 мың доллар (60 миллион теңгеге жуық) қаржы бөлінеді.

Жалпы биылғы Олимпиадада отандастарымыз алтын алған жағдайда 250 мың доллар, күміс жүлде үшін 150 мың, қола медальға 75 мың доллар сыйақы алар еді. Сонымен қатар, төртінші, бесінші және алтыншы орын алған спортшылар - 50 мың, 10 мың және 5 мың АҚШ доллар сыйақы алады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети