15 тамыз 2016 09:52

Олимпиада батырлары елге оралды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© АҒР © АҒР

Олимпиада ойындарында медаль ұтып алған дзюдошылар Елдос Сметов пен Галбадрах Отгонцэцэг Қазақстанға оралды. 15 тамызда түнгі уақытта Алматы әуежайына ұшып келді. Оларды журналистер күтіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Олимпиада ойындарында медаль ұтып алған дзюдошылар Елдос Сметов пен Галбадрах Отгонцэцэг Қазақстанға оралды. 15 тамызда түнгі уақытта Алматы әуежайына ұшып келді. Оларды журналистер күтіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Күміс жүлде иегері Елдос Сметов еліне өзін қолдағаны үшін алғыс білдірді. "Барша қазақстандықтарға рақмет. Жеңісімді Президентке арнаймын, тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына және Қазақстан халқына арнаймын. Қуанамын әрі мақтанамын. Бұл мен үшін ерекше оқиға", - деді ол. 

Еске салайық, Сметов Рио Олимпиадасының финалында ресейлік Беслан Мудрановқа есе жіберіп, күміс медаль алған болатын.

Галбадрах Отгонцэцэг Қазақстанды өзін қолдағаны үшін алғыс білдірді, ол тілегін қазақ тілінде жеткізді. "Мен үшін уайымдаған барлық адамға алғыс айтқым келеді. Осылай қолдағандарыңызға рақмет! Мен медальға қол жеткізгенім үшін өте қуаныштымын. Мен бар күшімді салдым. Тағы да рақмет", - деді Отгонцэцэг.

Олимпиада-2016 ойындарында Қазақстанға ең бірінші медальді Отгонцецег алып келген болатын. Жарыс басталған күні ол 48 келі салмаққа дейінгі категорияда қола медаль алған еді. Оның қарсыласы кубалық Дайарис Местре Альварес болды.

23 жастағы Отгонцэцэг Моңғолияда туып-өскен. 2015 жылдың басында дзюдошы қыз Қазақстан атынан күресе бастады. Ол өз азаматтығын бәсекелестікке байланысты ауыстырған. Уранцэцэг Мунхбат сол салмақта өнер көрсетеді және ОО-2016-да ол тек төртінші орынға ие болды. Елдің ішкі жарыстарында Отгонцецег Оңтүстік Қазақстан облысының атынан өнер көрсетеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети