19 тамыз 2021 10:41

Олимпиада жүлдегері Елдос Сметовке тағы бір көлік сыйға тартылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: gov.kz© Сурет: gov.kz©

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Токио Олимпиадасының жүлдегері Елдос Сметовті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz  басылымына сілтеме жасап. 


Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Токио Олимпиадасының жүлдегері Елдос Сметовті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz  басылымына сілтеме жасап. 

Өңір басшысы спортшының жетістігін жоғары бағалап, жаңа Toyota Camry көлігін сыйға тартқан. Ал, бапкер Ғалымжан Жылгелдиевке бір миллион теңгенің сертификаты табысталды. 

Айта кетейік, бұған дейін Токио Олимпиадасында Қазақстан қоржынына алғашқы жүлдені салған дзюдошы Елдос Сметовті қазақстандықтар әуежайда қошеметпен қарсы алған болатын. Сол кезде Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегеріне автокөлік сыйға тартылған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети