23 тамыз 2019 11:10

Өзбек туын лақтырып жіберген қырғыз төрешісінің басы дауға қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанның Ош облысында өткен Wef Proffight турнирінде өзбек және қырғыз файтерлері араздасып қалды. Артынша іс қылмыстық іс қозғалып, дау қос елдің сыртқы істер министрліктерінің араласуына дейін жетті. Бұл туралы Podrobno.uz жазады.


Қырғызстанның Ош облысында өткен Wef Proffight турнирінде өзбек және қырғыз файтерлері араздасып қалды. Артынша іс қылмыстық іс қозғалып, дау қос елдің сыртқы істер министрліктерінің араласуына дейін жетті. Бұл туралы Podrobno.uz жазады.

Өзбекстандық Абдулазиз Камилов пен қырғызстандық Чингиз Айдарбеков жекпе-жекке шығып, өзбек спортшысы жеңіліс тапқан. Алайда ол төрешілер бұра тартты деген оймен Өзбекстан туын басына көтермек болған. Осы кезде судья бұл ісіне рұқсат бермей, арада жанжал туған. Төреші тіпті оның қолындағы туды тартып алып, октагоннан тыс жерге лақтырып жіберген. 

Кездесуден кейін өзбек файтері Instagram желісінде қырғызстандықтардың намысына тиетін сөз жазған, алайда кейін жазбасын өшіріп тастаған. 

Артынша іске төрешінің өзі араласып, өзбек халқынан кешірім сұраған видеосын жария етті. Ол өзбек халқына құрметпен қарайтынын айтып, өз ісінің, яғни өзбек спортшысына ту көтеруге рұқсат бермегені дұрыс болмағанын мойындады. 

Іс кешірім сұраумен бітпеген. Қырғызстанда Қылмыстық кодекстің 313-бабы - "Нәсілдік, этникалық, ұлттық, діни немесе өңіраралық араздықты қоздыру" бойынша соталды іс қозғалған. 

Ал қос елдің сыртқы саяси ведомстволарының өкіллері бұл жағдайда телефон арқылы талқылап, істің мән-жайын анықтау және жағдайды реттеу бойынша келісімге келген. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети