12 наурыз 2014 14:07

Паралимпиадашыларымыз іріктеуден өте алмады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет sochi2014.com сайтынан Сурет sochi2014.com сайтынан

Бүгін Сочиде өтіп жатқан қысқы Паралимпиада ойындарында шаңғымен жарысудан спринт бәйгелері өтуде. Өкінішке қарай, Қазақстан паралимпиадашылары іріктеу сындарынан өте алар емес, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Қазақстандықтардан бірінші болып жарыс жолына Жаңыл Балтабаева шықты. Ол 1 шақырымдық қашықтыққа отырып жарысудан бақ сынап, ең соңғы, 23-орынмен шектелді. Бұдан соң тура осы қашықтыққа (1 шақырым) ерлер еркін әдіспен түрегеп жарысты. Біздің елдің намысын қорғаған Александр Колядин 33-орынды, ал Ерлан Омаров 35-орынды (бұл да соңғы орын) қанағат тұтты. Ал әйелдер арасындағы осындай бәйгеде (1 шақырым, шаңғымен түрегеп жарысу, еркін әдіс) Елена Мазуренко да сөреден шыққан 16 спортшының соңы болып, 16-орынға табан тіреді. Жоғарыда жазылған жарыстардың бәрінде жартылай финалға 1-12 орындарға ие болған паралимпиадашылар шықты. Яғни біздің спортшыларымыз жартылай финалға шыға алмады. Дәл қазір көзінен зақымданғандар арасындағы спринт бәйгелерінің іріктеу жарыстары өтуде (бұл да еркін әдіспен). Ерлер арасындағы осы жарыста бақ сынаған Қайрат Қанафин әзірше 13-орында тұр. Бұл жарыс әлі толық аяқталмаған сияқты. Сондықтан артын тосамыз. Бірақ Сочи Паралимпиадасының ресми сайтындағы деректерге сенсек, Қанафин де жартылай финалға шыға алмайтын секілді...

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети