Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Плющенко өзіне тікелей эфирде ота жасатпақшы

24 Ақпан 2014, 16:36
0
Евгений Плющенко.  ©РИА Новости
Евгений Плющенко. ©РИА Новости
Ресейдің атақты мәнерлеп сырғанаушысы, Олимпиаданың екі дүркін чемпионы Евгений Плющенко наурыздың 2-сі күні омыртқасына жасалатын операцияны онлайн режимде көрсетуге әзір деп хабарлайды "Интерфакс".

"Наурыздың 2-сі күні операция жасалатынын бәрі біледі деп ойлаймын. Омыртқамнан төрт бұранданың сынып қалған біреуі алынады. Мен оны көп адам көре алады деп ойлаймын, өйткені мен мұның бәрі қалай жасалатынын көрсеткім келеді", - деді Плющенко журналистерге.

Спортшының айтуынша, бұл "кішігірім тікелей эфир" болады. Плющенко бұл эфирді кімнің жүргізетінін де ойластырып қойған. Оның аты-жөнін жария етпегенімен, Андрей Малахов емес екенін баса айтты.

Еске сала кетейік, Олимпиаданың екі дүркін алтын, екі дүркін күміс чемпионы, әлемнің үш дүркін чемпионы Евгений Плющенко Сочи Олимпиадасы кезінде командалық жарыста қысқа және еркін бағдарлама бойынша өнер көрсетіп, жеңімпаз атанған еді. Бірақ ер адамдар арасындағы жеке қысқа бағдарлама сайысында жарақатына байланысты өнер көрсетуден бас тартты. Бұл жайт ресейліктердің наразылығын туғызды.

Плющенконың жарыстан шығып қалуы туралы Ресей Президенті Владимир Путин: "Оның денсаулығында, шынымен де, кінәрат бар, ол бірнеше операция жасатқан. Ол командалық біріншілікте өнер көрсетіп, өзінің ең жақсы нәтижесін көрсетті" деген болатын. Осыдан кейін наразылықтар сәл саябырсыды.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен болса, Евгений Плющенконы ерекше құрметтейтінін және оны сайыста үлгі тұтарлық адам ретінде көргісі келгенін айтты. "Мен Плющенконы басқа спортшылармен салыстырмас едім, ол - көп спортшының кумирі. Егер ол мұзайдынға шыққанда бәсеке аясынан тыс болар еді. Евгений біріншіліктің көрігін қыздыра түсер ме еді. Бұл Олимпиада ойындары адам айтқысыз, егер Плющенко болғанда, Ойындардың одан сайын сәні кірер еді", - деп өкініш білдірген еді Тен.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай