Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Подобедова мен Манезаның пәтері тартып алынбайды

23 Шілде 2014, 12:35
0
Светлана Подобедова. ©REUTERS
Светлана Подобедова. ©REUTERS
Майя Манеза. ©REUTERS
Майя Манеза. ©REUTERS

Ауыр атлетикадан Олимпиада ойындарының чемпиондары Светлана Подобедова, Майя Манеза және Зүлфия Чиншанло өздеріне сыйланған пәтерден айырылып қалмайды, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы спорт және туризм басқармасының басышысы Мұхит Тұрсынбаевқа сілтеме жасап хабарлайды.

Еске салайық, бұған дейін Светлана Подобедова өзіне 2009 жылы әлем чемпионы болғаны үшін Талдықорған қаласынан сыйланған пәтерге қатысты шағымданған болатын. Ол "міне, бес жылға таяды, осы пәтерлер өзіміздің атымызға аударылған жоқ деп шағымданған болатын. "Егер, Құдай сақтасын, біз спорттан кететін болсақ, бұл пәтерлерді бізден тартып алады ма деп қауіптенеміз", - дейді Светлана Подобедова. Сондай-ақ спортшы 2009 жылдан бері Олимпиада ойындарының чемпиондары берілетін жалақы өзгермегендігін, 130 мың теңге құрайтынын айтып берді. Бұған дейін хабарлағанымыздай Светлананың бұл сөзін Майя Манеза мен Зульфия Чиншанло растап отыр. 

Тұрсынбаевтың айтуына қарағанда, зілтеміршілердің пәтерлері жалға берілетін үйлерде орналасқан екен. "Олар Олимпиада ойындарының чемпионы атанған кезде қаладағы жалға берілетін үйлердің құрылысы аяқатлып, біз оларға сол жерден пәтер бердік. Ол кезде біз спортшыларды қуантқымыз келіп, асығыс бердік", - дейді ол. Басшының айтуынша, жаңадан бекітілген "Дене шынықтыру және спорт" заңнамасында Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпионадарын міндетті түрде пәтермен қамтамасыз ету керек деген пунк бар. Светлана Подобедова, Майя Манеза және Зульфия Чиншанлоның пәтерлеріне байланысты мәселелерді сол заңнамалардың негізінде қарастыруға болады. 

"Мемлекеттік ұйым ретінде біз ол тұрғын үйлерді сатып алуға құқығымыз жоқ. Сатып алу мәселесін біз әдетте әкім арқылы шешеміз. Мен жеке өзім Талдықорған әкімімен сөйлестім. Ол заңгерлермен және тұрғын үй кешендері басышыларына тапсырма берді. Ал олар болса Олимпиада ойындарының чемпиондары ол пәтерлерде де қанша тұрса да өздері біледі деп жауап берді. Қазір біз қайта тапсырыс бердік. Олар бекер уайымдап жатыр, оларды спорттан кетсе де ол пәтерлерден ешкім қуып шықпайды", - дейді Тұрсынбаев.

Сонымен қатар басқарма басшысы Светлана Подобедова, Майя Манеза және Зульфия Чиншанлолардың алатын жалақылары туралы да айтып берді. "Алматы облысында 10 спортшы 150 мың теңгеден, 10 адам 100 мың, 10 адам 70 мың, 10 адам 50 мың, және 20 адам 30 мың теңгеден алады. Бұл жалақы емес. Бұл облыс әкімдігінен берілетін ынталандыру. Ал олар болса мұны жалақы деп ойлайды. Светлана Подобедова, Майя Манеза және Зүлфия Чиншанлолар алатын 135 мың теңге - бұл ең үлкен ынталандыру сомасы. Облыс әкімі спортшылардың жақсы қолдайды, сондықтан спортшыларға мұндай сыйақы беріп жатыр. Ал айлық 2,5 мың доллар көлеміндегі жалақыны спортшылар Штаттағы ұлттық командалар дирекциясынан алады. Ол жақта спортшылар ұлттық құраманың мүшесі ретінде тіркелген", - дейді Тұрсынбаев. 

 

 

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай