Қазақстанның Австриядағы консулы шаңғышы Алексей Полторанинмен кездеспеген, себебі спортшы байланысқа шығудан бас тартып отырған көрінеді. Бұл туралы сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанның Австриядағы консулы шаңғышы Алексей Полторанинмен кездеспеген, себебі спортшы байланысқа шығудан бас тартып отырған көрінеді. Бұл туралы сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Полторанин әзірге байланысқа шығудан бас тартып отыр. Біздің білуімізше, ол консулмен кездеспеген. Бізге сенбеуге негіз жоқ (FIS позициясы - түсіндіру), және біздің спортшымыз бен австриялық спортшы кінәсін мойындау туралы хабарламаларға теріске шығарған жоқ. Спортшыларға абырой алып келмейтін жағдай қалыптасты", - деді Ашықбаев.
Ол допингпен күрес және спортшылармен ашық диалог орнату Қазақстан үшін қағидатты ұстаным болып табылатынына сендірді. "Біз таза спорт үшін және барлық спортшылар жағдай бірдей болуы керек. Қазақстан ЮНЕСКО - ның тиісті конвенциясына қосылды, барлық осы стандарттар қолға алынған", - деді ол.
Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин қан допингін қолданғанын мойындады
Еске салайық, 27 ақпанда шаңғы жарысынан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Алексей Полторанинді австриялық полиция антидопинг ережесін бұзғаны үшін тұтқындаған еді. Қазақстандық шаңғышыдан бөлек, эстониялық Андрус Веерпалу, австриялық Макс Хауке мен тағы бірнеше спортшы тұтқынға алынған.
Сәрсенбіде Полторанин өзінің басты қашықтығы - 15 шақырымдық классикалық жарысқа қатысуы керек еді. Бұл жарыста ол алтын медальге басты үміткерлердің бірі еді.
"Ол өз бөлмесінде шәй ішіп отырған, VADA полициясы келді де, жарыстан шеттетіп тастады. Себебін білмеймін, бірақ оған жақсы шаңғы дайындап қойғанбыз. Өте өкінішті", - деген еді бапкер Алексей Наконечный.