05 қаңтар 2017 16:15

Расул Мирзаевқа шабуыл жасағандардың кім екені белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Р-Спорт © Р-Спорт

Тергеушілер белгілі спортшы Расул Мирзаевты оңдырмай сабап кеткен делінген күдіктілердің Дағыстанның тумасы екенін анықтағанын хабарлады. Бұл туралы L!FE жазады. Біреуінің аты-жөні Камиль Аллахвердиев екен.


Тергеушілер белгілі спортшы Расул Мирзаевты оңдырмай сабап кеткен делінген күдіктілердің Дағыстанның тумасы екенін анықтағанын хабарлады. Бұл туралы L!FE жазады. Біреуінің аты-жөні Камиль Аллахвердиев екен.

"Бірқатар тергеу шарасы жүргізілді, оның барысында Мирзаевқа шабуылдағандардың бірінің аты-жөні анықталды", - деп хабарлапты басылым тілшісіне құқық қорғау органдарының өкілі Юлия Иванова.

Осыдан кейін тергеушілер ауруханада жатқан Расул Мирзаев шабуылдағандардың бірін сурет арқылы таныды. Күдіктінің суреті көрген спортшы оның шабуыл жасағанын нақтылап берген. 

Сондай-ақ, басылым спортшыға шабуыл жасады деген күдіктінің суретін жариялады.


Күдікті Камиль Аллахвердиев

Ал осының алдында Расул Мирзаевқа күдіктілердің ата-аналары келіп, кешірім сұраған. Туыстарының дауды тату шешу туралы өтінішіне қарамастан, спортшы оларды кешірмеймін деп отыр екен. 

Еске салайық, Расул Мирзаевқа шабуыл 31 желтоқсанда Мәскеудегі Восточный көшесінде жасалған. Тұрғын үйдің маңында белгісіздер Мирзаевтың бетіне пневмат тапаншасынан оқ атып, таяқпен ұрып-соққан. Ол ауруханаға жеткізілген. Кейін оқиғаның мән-жайы анықталған болатын.

Ал шабуыл жасады деген күдіктілер бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети