09 ақпан 2017 11:59

Ресейлік БАҚ делегация мүшесінің Универсиада финалындағы әдепсіз қылығын сөкті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© almaty2017.com © almaty2017.com

Дмитрий Пономаренко "Советский спорт" басылымындағы материалында Ресей құрамасының хоккей бойынша делегациясы өкілінің әрекетін сөкті, - деп хабарлайды Vesti.kz. Айта кетейік, ресейлік хоккейшілер 1:0 есебімен жеңіске жеткеннен кейін Ресей құрамасының өкілі әдепсіз қылық көрсеткен еді.


Дмитрий Пономаренко "Советский спорт" басылымындағы материалында Ресей құрамасының хоккей бойынша делегациясы өкілінің әрекетін сөкті, - деп хабарлайды Vesti.kz. Айта кетейік, ресейлік хоккейшілер 1:0 есебімен жеңіске жеткеннен кейін Ресей құрамасының өкілі әдепсіз қылық көрсеткен еді.

Матчтың аяқталғанын білдіретін ысқырықтан кейін камера ресейліктердің қуанышын түсірген, осы кезде ресейлік штабтың өкілдерінің бірі әдепсіз қылық көрсеткен. Мұның кімге арналғаны белгісіз.

"Ысқырықтан кейін ойыншылар да, бапкерлер де, ресейлік делеагацияның өкілдері де тойлай бастады. Хоккейшілеріміз мұз айдынында соққы көріп, әділетсіз алаңнан шығарылса да артық кеткен жоқ. Бірақ олардың эмоциясы қандай болғанын елестетіп отырмыз. Ал делегацияның ересектеу біреуі кенеттен бұрылып, көргенсіз әрекет жасады. Кімге көрсетілгені белгісіз. Қарсыластарға ма, төрешілерге ме, Универсиада ұйымдастырушыларына ма... Ешкімге бағытталмаған да шығар. Бұл адам жеңісті осылай қолын айқастырып тойлауға әдеттеніп қалған шығар. Фрейдше. Екіжүзді болмай-ақ қояйын. Бірақ түсіну керек қой. Мұндай сәттерде сен тек жауапты адам емессің, сен бүкіл әлем алдына еліңнің атынан шығып отырсың. Өте абыройлы және маңызды турнирде. Түріңе, сыртқы келбетіңе және әрекетіңе қарай елің жайлы түсінік қалыптасады", - деп жазды журналист.

Сонымен қатар, ол спортшыларды сабырға шақырды. "Айтқым келетіні, жігіттер, сабырлы болыңдар! Нақтырақ айтсақ, қолдарыңды шошайта бермеңдер. Кейін осы істерің үшін қызарақтап, ұялып жүрмейтіндей. Ең жаманы - жеңістен кейін ұятқа қалу", - делінген мақалада.

Айта кетейік, матч 1:0 есебмен аяқталған еді. Ойынның шешуші сәті 42-ші минутта болды. Қазақстан құрамасының қақпасынан ресейлік Даниил Ильин саңылау тапқан еді. Осылайша Ресей құрамасы алтыншы рет және екінші рет қатарынан Универсиаданың алтын медалін алып отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети