25 желтоқсан 2020 09:15

Ресейлік файтерлердің трештогы жаппай төбелеспен аяқталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Матч-ТВ телеарнасының кадры Матч-ТВ телеарнасының кадры

Аралас жекпе-жектен танымал файтерлер Магомед Исмаилов пен Владимир Минеев 24 желтоқсанда Мәскеуде өткен FIGHT NIGHTS турнирінде жаппай төбелес шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Чемпионат" басылымына сілтеме жасап.


Аралас жекпе-жектен танымал файтерлер Магомед Исмаилов пен Владимир Минеев 24 желтоқсанда Мәскеуде өткен FIGHT NIGHTS турнирінде жаппай төбелес шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Чемпионат" басылымына сілтеме жасап.

Минеев кездесулердің бірінен кейін алаңға шыққан, онда Исмаиловтың атын атаған. Ол қарсыласын октагонға шақырып, "қорқып қалдың ба?" деп сұрағын қойған.

Осыдан кейін ресейлік спортшылар бір-біріне жағымсыз сөздер айта бастаған. Осы кезде Исмаилов Минеевке шабуыл жасап, арты спортшылар, бапкерлер және жанкүйерлер қатысқан жаппай төбелеске айналды. Жағдайды реттеу үшін сарбаздар іске кірісті.

Оқиғадан кейін Исмаилов полицияға жеткізіліп, артынша бостандыққа жіберілген. РИА Новости басылымына құқық қорғау органдарындағы дереккөзі спортшы ұсақ бұзақылық дерегі бойынша жауапқа тартылуы мүмкін екенін хабарлаған. 

Исмаилов пен Минеев мұның алдында жекпе-жек өткізген, алайда жеңімпаз анықталмаған. Содан бері тараптар реванш шарттарын келісе алмай келеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети