Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Рио Олимпиадасына қатысқан екі қазақстандық допингпен ұсталып, 4 жылға шеттетілді

13 Қазан 2016, 16:08
0
© steroid4u
© steroid4u

Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы (IAAF) қазақстандық екі спортшы қызды - Анастасия Кудинова мен Флорида Миниянованы антидопингтік ережені бұзғаны үшін төрт жылға шеттетті, - деп хабарлайды Vesti.kz ұйымның ресми сайтына сілтеме жасап.

Осы жылдың шілде айында жеңілатлеттерден допинг сынамалары алынған, онда спортшының құрамында допингтің барын анықталған. Олардың қан құрамында анаболикалық стеройд  "дростанолон" (Drostanolone) болған.

Олар 2020 жылдың тамыз айына дейін жарыстарға қатыса алмайды. 

Еске салайық, Кудинова мен Миниянова жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасында болып, Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарына қатысқан. Кудинова 400 метр қашықтықта жүгіруде жартылай финалға өте алмаған. Миниянова спорттық жүру жарысына қатысуы тиіс болған, алайда стартқа шықпаған. 

Айта кетейік, IAAF сәуірде Анастасия Сопрунова антидопингтік ережені бұзғаны үшін төрт жылға спорттан шектелген. Оның қан құрамынан анаболикалық стеройд "станозол" табылған. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай