17 наурыз 2017 19:45

Рио Олимпиадасының чемпиондарына пәтер әлі күнге берілмеген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рио-де-Жанейро Олимпиадасының жеңімпаздарына берілетін пәтер дайын және заң тұрғысында рәсімделу үстінде. Барлық спортшыға пәтерлер беріледі. Бұл туралы ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Рио-де-Жанейро Олимпиадасының жеңімпаздарына берілетін пәтер дайын және заң тұрғысында рәсімделу үстінде. Барлық спортшыға пәтерлер беріледі. Бұл туралы ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Премьер-министрдің бірінші орынбасарымен жиналыс өтті, біз барлық облыс жетекшілеріне заңды құжаттың болуына тапсырма бердік. Қазір пәтерлер дайын тұр, олар заң жүзінде дұрыс рәсімделуі тиіс. Неге беруге асықпай жатқанымызды білесіз бе? Кейде спортшыға пәтер беріп қойып, сосын бірнеше жылдан кейін заңсыздық болып қалатын жағдайлар кездеседі. Міне, осындай келеңсіз жағдайлар болмасын дейміз. Өкінішке қарай, осы айтылғандай жағдайлар болды, сондықтан барлығы заң жүзінде дұрыс болғанын қалаймыз. Сөз беремін, барлығы орындалады. Пәтерлер жайын, құжаттарын рәсімдеу қалды", - деп түсіндірді Мұхамедиұлы Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиадалық комитетінің 25 жылдығына арналған салтанатты іс-шарасында журналистердің сұрағына жауап бере отырып.

Еске салайық, Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының жүлдегерлері мен жеңімпаздарына медаль алғаны үшін сыйақылармен қатар пәтер де берілетіні жайлы 2016 жылдың 1 тамызында белгілі болған. Алтын медаль алған спортшыға мемлекет үш бөлмелі пәтер береді, күміс медаль үшін екі бөлмелі, ал қола медаль үшін бір бөлмелі пәтер беріледі. Алайда барлық спортшы қазіргі уақытта уәде етілген пәтерлерін күтіп отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети