07 қыркүйек 2016 12:30

Риодағы Паралимпиада ойындарында жүзуші Әнуар Ахметов ту ұстап шығады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© erkindik.kz © erkindik.kz

Рио-де-Жанейрода XV жазғы Паралимпиадалық ойындары қыркүйектің 7-18 аралығында өтеді. Шараның ашылу салтанаты 8 қыркүйекте Астана уақыты бойынша сағат 03:00 басталады. Бразилияда 11 паралимпиадашы 5 спорт түрінен ел намысын қорғайтын болады. Дүбірлі додаға қатысатын елордалық Әнуар Ахметов салтанатты шара барысында ту көтеріп шығады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана қаласының ресми сайтына сілтеме жасап.


Рио-де-Жанейрода XV жазғы Паралимпиадалық ойындары қыркүйектің 7-18 аралығында өтеді. Шараның ашылу салтанаты 8 қыркүйекте Астана уақыты бойынша сағат 03:00 басталады. Бразилияда 11 паралимпиадашы 5 спорт түрінен ел намысын қорғайтын болады. Дүбірлі додаға қатысатын елордалық Әнуар Ахметов салтанатты шара барысында ту көтеріп шығады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана қаласының ресми сайтына сілтеме жасап.

Әнуар Ахметов спортпен жеті жасынан шұғылданады, ал 2008 жылдан бері жүзумен айналысып келеді. Ол көру қабілеті бұзылған спортшы. Спортшы 23 жасында Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанып, Азия рекордтарын орнатқан, ҚР бірнеше дүркін абсолютті чемпионы, Азия параойындарының чемпионы, халықаралық турнирлердің жеңімпазы мен жүлдегері, әлем чемпионатының қола жүлдегері, көзі көрметіндер арасындағы дүниежүзілік ойындардың күміс жүлдегері, Лондондағы Паралимпиада ойындарына қатысқан.

Спортшы Риода 100 м баттерфляй, 100 м брасс, 100 м арқамен жүзу, 100 м және 50 м еркін стильде жүзу жарыстарында бағын сынайды.

"Күресуге дайынмын, бәсекелестіктің болғаны жақсы. Бала кезімнен жүзумен айналысып келемін, бұл спортты қатты ұнатамын. Бұл мен қатысып отырған екінші Паралимпиадалық ойындар, шараның ашылу салтанатында тағы да ту көтеріп шығуды сеніп тапсырғаны үшін еліме ризамын", - деді Әнуар Ахметов.

Ұлттық құрама спортшылары Рио-де-Жанейроға аттанбас бұрын Бостери қаласында (Қырғызстан),  Колорадо штатында (АҚШ), Аракажу қаласында. (Бразилия) оқу-жаттығу жиындарына қатысты. Айта кетейік, елордалық Әнуар Ахметовтан басқа жүзуден оңтүстікқазақстандық Роман Агалаков, Жамбыл облысының өкілі Зүльфия Габидуллина, Қарағанды облысының тумасы Наталья Звягинцева сайысқа түседі.

Айта кетейік, Паралимпиадалық ойындарға күштік спорт түрі - пауэрлифтингтен Ақмола облысынан Вадим Дукарт, Алматыдан Гүлбану Әбдіхалықова, Алматы облысынан Раушан Қойшыбаева қатысады. Дзюдода Атырау облысының спортшысы Әнуар Сариев және Оңтүстік Қазақстаннан Орынбасар Құралбай шеберлік байқасады. Риода Алматылық жеңіл атлет Аманат Калкаев, ал садақ атудан Павлодар облысының спортшысы Александр Медведев бас жүлде үшін таласады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети