Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Румынияда сегіз футбол шенеунігі түрмеге қамалды

05 Наурыз 2014, 15:37
0
Джиджи Бекали. Сурет: korrespondent.net
Джиджи Бекали. Сурет: korrespondent.net
Руминияда салықтан жалтарғаны үшін және заңсыз трансферлер ұйымдастырғаны үшін сегіз шенеунік түрмеге қамалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Румынияның Апелляциялық соты бухарестік "Динамо" командасының бұрынғы президенті Кристиан Борчуды алты жыл төрт айға, бухарестік "Рапид" командасының президенті Георгий Копосты үш жылға, танымал футболшы Георг Попескуді үш жыл бір ай мерзімге түрмеге отырғызды.

Бұл шенеуніктерге қылмыстық іс 2012 жылдың қараша айында қозғалып, 1999-2005 жылдар аралығында 12 футболшының трансферлерін заңсыз ұйымдастырды деген айтып тағылған.

Сондай-ақ футболдан Румыния ұлттық құрамасының бас бапкері Виктор Пицуркэні де құқық қорғаушылар жазаға тартты. Ол келісілген ойынға қатысы бар деген айыппен шартты түрде бір жыл бас бостандығынан айырылған. Басы дауға ұшыраған шенеуніктердің қатарында "Стяуа" командасының президенті Джиджи Бекали де бар. Оған 30 гектар жерді заңсыз иеленді, үкіметке 900 мың доллар көлемінде қарыз және футболшылардың трансферлерін заңсыз ұйымдастырды деген айыптар тағылған. Ол енді алдағы үш жылын темір тордың арғы жағында өткізеді.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай