1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Спорт

Садақ атудан әлем біріншілігіне Қазақстан атынан кімдер қатысады?

 © olympic.kz © olympic.kz

Садақ атудан Қазақстан командасы әлем чемпионатына дайындықты бастады. 28 мамырдан бастап ұлттық құрама мүшелері Талғар қаласындағы АІВА академиясының базасында оқу-жаттығу жиынын өткізеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Команда мүшелері 6-17 маусым аралығында Нидерландының Хертогенбос қаласында өтетін әлем чемпионатына дайындалмақ.

Ұлттық құрама бас бапкері лицензиялық әлем чемпионатына қатысатын мергендер тізімін жария етті. 

Классикалық түрде садақ ату, ерлер: Ильфат Абдуллин, Денис Ганькин, Санжар Мұсаев;

Классикалық түрде садақ ату, әйелдер: Алина Ильясова, Гауһар Игібаева, Қаракөз Асқарова;

Компаунд, ерлер: Ақбарәлі Қарабаев, Рустам Қарабаев, Сергей Христич;

Компаунд, әйелдер: Диана Макарчук, Адель Жексенбинова, Мария Өмірзақова.