Сәпиев Полторанинмен байланыста - Мұхамедиұлы

05 Наурыз, 11:06
0
Сәпиев Полторанинмен байланыста - Мұхамедиұлы -

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы шаңғышы Алексей Полторанинге қатысты жүргізіліп жатқан тергеу жайлы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысы кезінде ол журналистерге таяуда спортшының өзі допинг дауы бойынша пікір білдіретінін айтты.

"Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев спортшымен байланыста. Оған хабарласты. Сәрсенбіде сіздерге осы жағдайға қатысты толық пікір білдіреміз. Осыған дейін оның допинг қолданбағаны айтылды, ол тек қолданайын деген. Сәрсенбіде өзі барлығын айтады. Алексей Полторанин байланысқа шығады, сәрсенбіде барлығын түсіндіріп айтады", - деді министр журналистерге.

Полторанинді соттайды деп ойламаймын - Сәпиев

Ведомство басшысы таяуда Қазақстанда допинг қолданған спортшыларға қатысты шаралардың күшейетінін айтты.

"Өздеріңіз білетіндей, спорт туралы заңға өзгертулер енгіздік. Әрине, допинг қолданғандарға қатысты шараларды күшейтеміз. Бұл біздің принциптік позициямыз", - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Еске салайық, 27 ақпанда шаңғы жарысынан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Алексей Полторанинді австриялық полиция антидопинг ережесін бұзғаны үшін тұтқындаған еді. Қазақстандық шаңғышыдан бөлек, эстониялық Андрус Веерпалу, австриялық Макс Хауке мен тағы бірнеше спортшы қамалған болатын.

Получить короткую ссылку

Тегтер:

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай