Саулюс Ширмялис ресми түрде "Ордабасы" бас бапкері атанды

03 Сәуір 2014, 16:45
0
Саулюс Ширмялис ресми түрде "Ордабасы" бас бапкері атанды - "Ордабасы" командасының жаңа бас бапкері - Саулюс Ширмялис. Сурет: sports.kz
"Ордабасы" командасының жаңа бас бапкері - Саулюс Ширмялис. Сурет: sports.kz

 Литвалық маман Саулюс Ширмялис ресми түрде футболдан "Ордабасы" командасының бас бапкері атанды. Бұл туралы Тengrinews.kz тілшісіне команданың бас хатшысы Ілияс Жолдас айтып берді.

"Клуб мен маман арасындағы келіссөздер бүгін аяқталды. Жаңа бапкер қазір командамен бірінші жаттығу жиындары өткізіп жатыр. Екі тарап маусымның соңына дейін келім-шартқа қол қойды. Клуб жетекшілері Ширмялистің алдына "Ордабасының" премьер-лигада үздік 6 команданың қатарына қосылу керек деген тапсырма қойды", - дейді бас хатшы.

Литвалық маманның көмекшілері кім болатындығы әлі белгісіз. Бірақ, Тengrinews.kz тілшісіне осы уақытқа дейін команданы уақытша жаттықтырып келген Қуаныш Қарақұлов пен Августин Кирицаның командада қалатыны белгілі болды. 

Саулюс Ширмялис негізі осы уақытқа дейін футболдан Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері болып келген. Бірақ, енді ол алдағы уақытта бұл міндеттен кетуі мүмкін. Қазақстандық БАҚ-дың жазуынша, ол міндетке "Ордабасы" командасының бұрынғы бапкері Виктор Пасулько келуі ықтимал. 

Айта кетейік, Қазақстан премьер-лигасының 3 тур қорытынсынан бойынша "Ордабасы" командасы тоғызыншы орында тұр. Үш ойынның біреуін жеңіп, екеуінде жеңілген шымкеттіктердің қоржынында 3 ұпай бар. 

 

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай