13 маусым 2016 10:38

Седов допинг дауы жөнінде: Жел тұрмаса, шөптің басы қозғалмайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Владимир Седов. © Unikaz.asia Владимир Седов. © Unikaz.asia

Ауыр атлетикадан 2009 жылғы әлем чемпионы, қазақстандық спортшы Владимир Седов Instagram әлеуметтік желідегі парақшасында Олимпиада чемпиондарына қатыста қатысты допинг дауы жөнінде пікірін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Ауыр атлетикадан 2009 жылғы әлем чемпионы, қазақстандық спортшы Владимир Седов Instagram әлеуметтік желідегі парақшасында Олимпиада чемпиондарына қатыста қатысты допинг дауы жөнінде пікірін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"2006, 2013 және 2015 жылдардағы Олимпиада чемпиондарына қатысты допинг дауы туралы айтсам, жел тұрмаса, шөптің басы қозғалмайды. Мен қазақ емеспін, дегенмен осында тудым, Отанымды жақсы көремін және Олимпиада ойындарында Қазақстанның намысын қорғауға дайынмын. Мансабымда әділетсіздіктер болды, дегенмен қазақ жерінде маған қолдау көрсеткен жақсы адамдар да болды", - деп жазды Седов.

 

Все эти большие скандалы с допингом в 2006 в 2013 в 2015 годах и сейчас эти слухи о олимпийских чемпионах , я понимаю что дыма без огня не бывает. Да я не этнический казах , но я здесь родился и люблю свою Родину и я готов отстаивать честь и достоинство Казахстана на ОИ. Да обстоятельства в жизни и карьере были ко мне были не справедливы , но были добрые люди на казахской земле которые мне помогали не за какие то заслуги , а просто за то что я живой человек со своими достоинствами и недостатками такой же как и все люди на земле.

Фото опубликовано SEDOV Vladimir (@sedov_vladimir)

 

Еске салайық, бұған дейін ақпарат құралдары Олимпиада чемпионы Илья Ильиннің алтын медалінен айырылып, Рио-де-Жанейро Олимпиадасы алдында дисквалификациялануы мүмкін екенін хабарлады. Олардың мәліметінше, чемпионның қанынан допинг табылған. Сонымен қатар, тізімде Зүлфия Чиншанлоның да бар екені айтылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети