16 наурыз 2014 11:53

Шорт-тректе шау тартып тұр, қайран шабыт

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет isu.org сайтынан Сурет isu.org сайтынан

Монреалда (Канадада) шорт-тректен ХХХІХ әлем чемпионаты өтуде. Өкінішке қарай, Қазақстан спортшылары ақтық сынға да шыға алар емес, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Жалпы, шорт-тректен ең алғашқы әлем чемпионаты 1976 жылы Францияда (Шампань) өткен. Ал бұл спорт түрі қысқы Олимпиада ойындары бағдарламасына 1992 жылы (Альбервиль, Франция) енді. Монреальда өтіп жатқан әлем чемпионатында біздің шорттрекшілер жоғары нәтиже көрсете алар емес. Бүкіләлемдік біріншіліктің алғашқы күні ерлер арасындағы 1500 метрлік қашықтықта Нұрберген Жұмағазиев 40-орынмен шектелді. Ол електік сыннан да өте алмады. Алғашқы іріктеу жарыстарында төртінші алтылықта жүгіріп, мәре сызығын бесінші болып қиды. Ал кеше 500 метрлік қашықтықта Нұрберген 19-орынға ие болды. Осы қашықтықтың іріктеу сынында тоғызыншы төрттікте жүгіріп, көмбеге екінші болып жетті. Келесі кезеңде бірінші төрттікте жүгіріп, мәре сызығын үшінші болып қиды. Яғни ширек финалға шыға алмады. Сондай-ақ кеше 5000 метрлік эстафеталық сынның жартылай финалдық жарыстары өткен. Бірақ оған біздің шорттрекшілеріміз қатысқан жоқ. Айтпақшы, Сочи Олимпиадасында мұз «тарпып», төрт қашықтықтың үшеуінде алтын, біреуінде қола жүлде алған, Ресейдің намысын қорғайтын Виктор Ан Монреальда алтын тұрмақ жүлдеге іліге алар емес. Жоғарыдағы екі қашықтықта да ол 4-орынға ие болды. Бір айдың ішінде не болғанын... Ал әйелдер арасындағы 1500 метрлік қашықтықта қазақстандық Инна Симонова 26-орынға ие болды. Ал 500 метрлік қашықтықта 30-орынды қанағат тұтты. Симонова осы екі қашықтықта да алғашқы іріктеуден өте алмады. Әлем чемпионаты бүгін түнде аяқталады. Біздің спортшыларымыз енді 1000 метрлік қашықтықта бақ сынаулары керек.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети