12 наурыз 2014 18:07

"Шымбұлақтың" 60 жылдығында 60 ару сынға түседі

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Шымбұлақ" тау шаңғысы курорты. ©Нұрғиса Елеубеков "Шымбұлақ" тау шаңғысы курорты. ©Нұрғиса Елеубеков

22-23 наурыз күндері "Шымбұлақ" тау шаңғысы курорты 60 жылдық мерейтойын атап өтеді. Мерейтой аясында "Шымбұлақ аруы" байқауы да ұйымдастырылмақ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Негізі, "Шымбұлақтың" тамыры тым тереңде. Егер сіз "биыл Шымбұлақтың ашылғанына 60 жыл болады екен" десеңіз, мұныңызбен көп адамның келісе қоймауы да мүмкін. Осы ретте "Шымбұлақ" тау шаңғысы курортының директоры Ержан Еркінбаев та "Алматының мақтанышына айналған осы бір демалыс орнының туған күнін анықтауда көп толғандық" дейді. Ақыры сүйреткіш темір-арқан жол іске қосылып, "Шымбұлақ" спорттық база ретінде жұмыс жасай бастаған кезге тоқталып, 1954 жылдың наурыз айы негізге алынған. Ал тарихқа көз жүгіртер болсақ, тау шаңғысы өкілдері теңіз деңгейінен 2200 метр биіктегі "Шымбұлақ" шатқалында сонау 40-жылдардың аяғынан бері шаңғы тебе бастаған. Әу баста олар "Медеуде" тұрып, сонда қоныстанған. Шаңғы тебу үшін "Шымбұлаққа" үш сағаттай көтерілген. 1950 жылдан бастап "Шымбұлақта" одақтық жарыстар өткізіле бастаған. Тіпті халықаралық жарыстар да ұйымдастырылған көрінеді. Қалай десек те, 1954 жылға дейін "Шымбұлақ" тек кәсіби спортшыларға арналған база болған. Оның қызығын тек споршылар көрген десек те болар. Алайда 1954 жылы адамзат баласына көмекке техника келген. Сол жылы наурыз айында 1500 метрлік сүйреткіш болат жол желісі іске қосылған. Содан бастап әр түрлі нысандар салынып, "Шымбұлақ" жыл өткен сайын төрткүл дүниеге таныла бастаған. 1983 жылы болат арқанды, орындықты жол пайдалануға берілген. 1997 жылы осындай австриялық жолдардың екі кезегі іске қосылған. Қазір "Шымбұлақта" заман талабына сай аспалы жолдар халық игілігіне қызмет етеді. Сонымен Наурыз мерекесінде "Шымбұлақ" өзінің 60 жылдық мерейтойын атап өтпек. Қызық болғанда Қазақстан сән апталығы да (Kazakhstan Fashion Week) өздерінің 10 жылдықтарын биыл тойламақ екен. Сондықтан осы екі бренд тойларын бірге өткізуге келісіпті. Осылай "Шымбұлақтың" 60 жылдығында 60 сұлу арасында "Шымбұлақ аруы" байқауын өткізу қолға алынып отыр. Бұл жөнінде KFW PR-директоры Ботагөз Алдоңғарова мәлімдеді. Аталмыш бәйге 23 наурыз күні "Шымбұлақ" төрінде ұйымдастырылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети