Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 326.66
EUR / KZT - 380.00
CNY / KZT - 48.37
RUB / KZT - 5.45

Сочи Олимпиадасына қатысатын Қазақстан спортшыларының ресми тізімі бекітілді

27 Қаңтар 2014, 18:48
0
Алексей Полторанин. ©РИА Новости
Алексей Полторанин. ©РИА Новости
Сочи Олимпиадасына Қазақстан спортшылары барлығы 58 жолдама жеңіп алды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Сочи Олимпиадасында өнер көрстететін спортшыларымыз жайлы ҚР Дене шынықтыру және спорт агенттігі төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатов мәлімдеді.

"Серпін бар. Осыдан төрт жыл бұрын Ванкувер Олимпиадасында жерлестеріміз спорттың сегіз түрі бойынша бақтарын сынаған болатын. Осы жолы спорттың 10 түрінен медальдар жиынтығын сарапқа саламыз. Жалпы, Сочиге 50 спортшы және 40 бапкер апарамыз. Қазақстан атынан баратын ресми өкілдердің саны 102 болмақ. Алғашқы топ Сочиге кетіп қалды. Ал Олимпиада ауылында Қазақстанның көк туы 4 сәуір күні көтерілетін болады", - деді Елсияр Қанағатов.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың отандық делегацияны Сочиге шығарып салмайтыны белгілі болды. Бірақ Елбасымыз 7 ақпан күні Олимпиада ойындарының ресми ашылу салтанатына қатысады деп күтілуде.

Жалпы, Сочи Олимпиадасында Қазақстан құрамасының намысын қорғайтын спортшылар мыналар:

Биатлон (10):
Диас Кеңешев, Ян Савицкий, Сергей Наумик, Александр Трифонов, Антон Пантов, Галина Вишневская, Елена Хрусталева, Марина Лебедева, Алина Райкова, Дарья Усанова.

Шаңғы жарысы (10):
Ердос Ахмадиев, Алексей Полторанин, Роман Рогозин, Сергей Черепанов, Марк Старостин Николай Чеботько, Евгений Величко, Денис Волотка, Анастасия Слонова, Татьяна Осипова.

Конькимен жүгіру (6):
Денис Кузин, Александр Жигин, Дмитрий Бабенко, Роман Креч, Федор Мезенцев, Екатерина Айдова.

Шорт-трек (6):
Айдар Бекжанов, Нұрберген Жұмағазиев, Абзал Әжғалиев, Аслан Даумов, Денис Никиша, Инна Симонова.

Фристайл-могул (5):
Дмитрий Рейхерд, Дмитрий Бармашов, Павел Колмаков, Юлия Галышева, Дарья Рыбалова.

Фристайл-акробатика (4):
Бағлан Іңкәрбек, Сергей Берестовский, Жібек Арапбаева, Жанбота Алдабергенова.

Тау шаңғысы (4):
Игорь Закурдаев, Дмитрий Кошкин, Мартин Хубер, Екатерина Черепанова.

Мәнерлеп сырғанау (2):
Абзал Рақымғалиев, Денис Тен.

Шаңғымен тұғырдан секіру (1):
Алексей Пчелинцев.

Сноуборд (1):
Валерия Цой.

Шана спорты (1):
Елизавета Аксенова.

Естеріңізге сала кетейік, Сочи Олимпиадасына қатысатын Қазақстан құрамасы бұған дейін де жазылған. Бірақ Агенттік басшылары ол тізімді ресми емес деп мәлімдеме жасаған болатын. Ал Олимпиаданың ашылу салтанатында Қазақстанның көк туын шаңғышы Ердос Ахмадиев ұстап шығады.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай