25 тамыз 2018 09:33

"Соғысқа дайындалып жатырмыз". Нурмагомедов МакГрегорға жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Ресейлік спортшы Хабиб Нурмагомедов ирландиялық Конор МакГрегордың әкесі Абдулманапқа тіл тигізуіне қатысты жауап қайтарды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Ресейлік спортшы Хабиб Нурмагомедов ирландиялық Конор МакГрегордың әкесі Абдулманапқа тіл тигізуіне қатысты жауап қайтарды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Таңертең тұрғанда бір нәрсені түсіндім: Біздің жақта емес, олар өмір бойы бізбен бола алмайды. Вайнахтар әрдайым бізбен. Ойын ғой деп айтады, бірақ біз соғысқа дайындалып жатырмыз", - деді Хабиб Instagram желісіндегі парақшасында. 

 

Аралас жекпе-жектен ирландиялық файтер Конор МакГрегор UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедовтың әкесі әрі бапкерін қорқақ деп атаған еді. 

МакГрегор Абдулманап Нурмагомедовке Instagram желісіндегі парақшасында сөз арнады. Ол UFC 223 қарсаңында автобусқа жасалған шабуыл кезіндегі ұлының суретін жариялады. 

"Абдулманап, мен сенің кім екенін білемін. Ортаншы балаңға ұқсап жалған құрметтің артында жасырынасың. Дірілдеген қорқақ", - деп жазған МакГрегор автобусқа шабуыл жасалған сәттегі Хабибтің суретін жариялап. 

Еске салайық, ресейлік файтер ирландиялықтың спарринг-серігі Артем Лобовтың сұхбатында айтқан сөзін сынға алып, жеке кездескенде мәселе шешетінін мәлімдеген. Оған қарсы МакГрегор 6 сәуірде автобусқа шабуылдаған, жолаушылардң бірі Нурмагомедов болған. UFC түсірген кадрларда МакГрегордың автобусқа қоларба мен темір қоршау шиырғанын көруге болады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.4   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети