11 наурыз 2014 12:06

Су добынан Ресей додасында шеберлік шыңдап жүрміз

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет swed-photo.com сайтынан Сурет swed-photo.com сайтынан

Су добынан Ресей чемпионатында шеберліктерін шыңдап жүрген ерлер арасындағы "Астана" (Алматы) клубы көрші елдің біріншілігінде үшінші орында тұр, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Қазір Ресей чемпионатындағы үздік алты команда 1-6 орындарды сарапқа салуда. Оныншы турда "Астана" Қазанда "Синтезбен" кездесуде. Бұл – өте азулы команда. Қазір Ресей чемпионатында бірінші орында тұр. Кешегі өткен бірінші ойында "Астана" 3:8 есебімен ұтылып қалды. Бүгін кешке екінші ойын өтеді. Жалпы, қазір "Астана" 18 ойыннан 20 ұпай жинап, үздік алтылықта үшінші орында тұр. Алматы ватерполшылары тоғыз ойында жеңіске жетіп, екеуін тең аяқтап, жетеуінде жеңілістің кермек дәмін татты. Доп айырмасы: 140-136. "Астананың" алдында – 30 ұпаймен, "Синтез" (Қазан) және 27 ұпаймен "Спартак" (Волгоград) клубтары. Әрі екеуі де 16 ойыннан ғана өткізген. Биыл чемпиондық атаққа осы екі ұжым таласатын шығар. Ресей чемпионатының 1-6 орындары сарапқа салып жатқан командалар үшін алда әлі үш тур бар. Соңғы тур сәуірдің аяғында өтеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети