08 қазан 2020 18:32

"Сұмдық айқас болады". Германиялық матчмейкер қазақстандық нокаутшының жекпе-жегі жайлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жан Кособуцкий. Сурет: flickr.com/leifpm© Жан Кособуцкий. Сурет: flickr.com/leifpm©

Ауыр салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Жан Кособуцкийдің (14-0, 13 КО) келесі жекпе-жегін міндетті түрде көру қажет. Осындай пікірді NIVERSUM BOX-PROMOTION компаниясының менеджері Флавио Ольяга Мирабаль Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында білдірді. 


Ауыр салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Жан Кособуцкийдің (14-0, 13 КО) келесі жекпе-жегін міндетті түрде көру қажет. Осындай пікірді NIVERSUM BOX-PROMOTION компаниясының менеджері Флавио Ольяга Мирабаль Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында білдірді. 

Кособуцкий (14-0, 13 КО) ауыр салмақтағы IBO Inter-Continental белбеуін америкалық Стив Вукошаға (12-1, 4 КО) қарсы қорғайтын болды. Он раундқа жоспарланған бұл кездесу 17 қазан күні Дюссельдорф қаласында өтеді. Ал америкалық боксшы болса USA New England және WBC United States (USNBC) белбеулерін жеңген.

"Жан - біздің бокс кештері үшін тамаша актив. Оның жекпе-жектері көрермендерді қызықтырады. Ол аяқ-асты және жарқын түрде танылды. Алдағы жекпе-жек келесі қадамы болмақ. Қызықты өтеріне сенімдімін. Бұл сұмдық айқас болады", - дейді Мирабаль.

31 жастағы Кособуцкий болса соңғы кездесуін Агрон Смакичиге қарсы өткізіп, IBO белбеуін жеңіп алды. 2020 жылы отандасымыз екі кездесу өткізіп, екеуінде де нокаутпен жеңіске жетті. Алдағы кездесуде IBF ұйымының Еуропа чемпионы деген атағы сарапқа салынады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети