24 наурыз 2014 21:59

Таэквондошы Ғалымжан Олимпиадаға жолдама алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет confederation.kz сайтынан Сурет confederation.kz сайтынан

Таэквондодан Тайпейде өткен електік турнирде еліміздің жас таланттары жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарына бір ғана жолдама жеңіп алды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Осыдан бірер күн бұрын Тайпейде таэквондодан жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының жолдамалары сарапқа салынған болатын. Тамыз айында Қытайдың Нанкин қаласында өтетін осы дүбірлі доданың електік турниріне біздің ел алты өренімізді үкілеп қосқан. Солардың біреуі ғана Нанкин Олимпиадасының жолдамасына қол жеткізді. Атап айтқанда, 48 келі салмақ дәрежесіндегі Ғалымжан Серікбай Тайпейдегі електік сында қола жүлде еншілеп, жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарында бақ сынау құқығына ие болды. Ол әуелі Тунис тарланы Мохаммед Грамиден басым түсті (13:10). Содан соң Ирландияның қайсар ұлы Джек Вуллиді (17:14) жолынан тайдырды. Ширек финалда неміс Даниэль Чиоветтадан айласын асырды (9:2). Алайда жартылай финалда Иран үміті Мохаммад Асланиге есе жіберіп алды (1:10). Десек те, басты мақсатына қол жеткізіп, жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының лицензиясын олжалады. Дәл осы салмақта жүлдеге мына жас таэквондошылар ие болды: 1. Тавин Ханпраб (Таиланд) 2. Мохаммад Аслани (Иран) 3. Ғалымжан Серікбай (Қазақстан), Чен Ю Ванг (Тайпей). Өкінішке қарай, өзге жас таланттарымыз Олимпиада жолдамасына жетпей сүрінді. Қалған бесеуінің төртеуі алғашқы айналымда жеңіліске ұшыраса, біреуі (Еркебұлан Әбілқас) бірінші айналымнан өткенімен, екіншісінде ұтылып қалды. Бозбалалар: 63 келі: Абзал Кәрішал – Алексиос Цоканос (Грекия) – 6:11; 73 келі: Еркебұлан Әбілқас – Дан Майрероа (Жаңа Зеландия) – 5:2, Еркебұлан Әбілқас – Мохамед Эль Аттари (Марокко) – 0:1 Бойжеткендер: 44 келі: Нұрилә Убайдулла – Эбигейл Стоунс (Ұлыбритания) – 1:13 49 келі: Жазира Сапарбек – Атуса Захраби Парвареш (Иран) – 16:24; 63 келі: Ғания Әлзақ – Аксель Атумани (Франция) – 2:9.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети