06 ақпан 2014 15:49

Таэквондошылар бас бапкерін ауыстырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мұстахим Қабрашев (ортада). Сурет ВКонтакте желісіндегі Қазақстан таэквонда федерациясының ресми паракшасынан алынды Мұстахим Қабрашев (ортада). Сурет ВКонтакте желісіндегі Қазақстан таэквонда федерациясының ресми паракшасынан алынды

Таэквондодан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері ауысты деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz спорт порталы сілтеме жасап. Команданы соңғы бір жарым жыл ішінде жаттықтырып келген Бауыржан Аманқұловтың орнына Мұстахим Қабдрашев келді. Қабдрашев Қазақстанға еңбегі сіңген бапкер. 2000 жылдары таэквондодан Қазақстан құрамасының аға бапкері болған. Ол Пекин Олимпиадасының қола жүлдегері Арман Шылманов пен екі дүркін Азия чемпионы Лия Нуркинаны баптап шығарған. Енді жаңа бапкердің бастамасымен Қазақстан құрамасы Азия біріншілігіне қатысады. Сары құрлықтағы баста додада сәтті өнер көрсету үшін бүгінде жаңа бапкер командасымен бірге Алматы маңындағы "Бағанашылда" жаттығу жиындарын өткізіп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети